Салаутты өмір салты

Смирново №3 орта мектебінде 8 ақпан күні сағат 14:00-де «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жастарға салауатты өмір салтын ұстану мақсатында, мектеп оқушыларымен салауатты өмір салтының адам өміріне тигізер әсері жайлы әңгіме айтылып баяндамалар оқылып, денсаулық – біздің емес, мыңның байлығы және баршаға ортақ ең басты байлық, денсаулық өмірдің басқа игіліктеріне қарағанда әлдеқайда құнды екеніне түсінік берді. Жиналысқа 62-ге жуық кісі атсалысты.

Жиналыс мақсаты:

1. Оқушылардың салауатты өмір туралы ұғымдарын кеңейту, жағымсыз әдеттердің ішімдік, темекі, есірткінің адам ағзасын бұзатын қасиетін ашып көрсету

2. Оқушылардың зиянды әдеттерге негативті көзқарасын дамыту.

3. Оқушылар бойында салауатты өмір салтын қалыптастыруға, өз ісіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Осы күні  кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекциядан қонақтар келіп, жоғары сынып оқушыларымен жыныстық қатыныс және санитарлық нормалар жайында әңгімелер қозғады.

11 ақпан 1-4 сынып арасында «Біз салауатты өмірді қолдаймыз» тақырыбында сурет көрмесі өтті.

Мақсаты: Оқушылардың салауатты өмір туралы ұғымдарын кеңейту, жағымсыз әдеттердің адам ағзасын бұзатын жайлы қаншалықты білетіндерін тексеру

Қосымша ақпарат көздері