«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы

«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы

Аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылатын “Мектепке жол” қайырымдылық акциясын өткізу жыл сайынғы игі дәстүрге айналған. Ендігі кезекте материалдық көмек көрсету үрдісі аталған акцияны өткізу кезеңімен шектелмей, жыл көлемінде жалғасатын болады. Бұдан былай, «Мектепке жол» акциясы 2 ай ғана емес, жыл бойы іске асатын болады. Енді балаға бір рет қана емес, жылдың әр мезгілінде қажетті құрал-жабдықтар алуына көмектесуімізге мүмкіндік болады.

Кез келген істі басқаға айтпас бұрын, алдымен, өзіміз үлгі болуымыз керек деген оймен акцияны өзімізден бастадық. Смирнов № 3 орта мектебінің ұжымы 35 000 (отыз бес мың ) теңгеге атаулы әлеуметтік көмек алатын жеті отбасы оқушыларына мектепке қажетті оқу –құралдарын сыйға тартса Смирнов ауылдық округінің әкімі А.А.Хамзин мектеп құрал –жабдықтарына толы портфель сыйлады.

Осы орайда ерекше атап өткіміз келетін ол Қожамұратов Қайрат Маратұлы.Жеке кәсіпкер. Мектебіміздің 3 оқушысына 219 000( екі жүз он тоғыз) мыңға су жаңа планшет қаптамасымен алып берді.

Аудандық білім бөлімі жылдағыдай кезекті «Бірінші сыныпқа бірінші рет»қайырымдылық іс-шарасын биыл да жалғастырып мектеп табалдырығын енді аттаған 3 көп балалы отбасы оқушысына рюкзак сыйлады.

Карантин режимінде қашықтықтан оқуға байланысты көп балалы және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларға 28 ноутбук және 4 роутер таратты.

Құрметті халайық «Мектепке жол» акциясы жыл бойы жалғасады. Мемлекеттік қызметкерлерді, бизнесмен-меценаттарды және баршаңызды осы акцияға белсенді түрде қатысуға шақырамыз. Жақсылық жасайық, жамағат!

Қосымша ақпарат көздері